muzejnaya-pedagogika-2018

Мұражай педагогикасы

«АЛЖИР» мұражай қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі – кіші ұрпақтың тарихқа, өнерге және мұражайға жұмылдыруы болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін мұражай әкімшілігі Ақмол ауылының № 5 орта мектебімен бірігіп қызмет атқару туралы меморандум жасады.

Мұражай ұжымы балалармен іс-шаралар өткізуде. Мұражай педагогикасы барысында өткізілетін іс-шараларға Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 6 мен 17 жас аралығындағы балалар белсенді қатысуда.

"АЛЖИР" мұражайы, адамдар және оқиғалар туралы ақпараттың дереккөзі бола отырып, балаларға әсерлі ықпал етеді, олардың ортақтастық және аяныш сезімін туғызады. Сонымен қатар, мұражай мәдениет білімін арттыруға көмек береді. Оқушылар сабақта тарих, ел және қала туралы білім алса, ендеше білімдерін сабақтан тыс уақытта кеңейтумен бірге, олар өздерін зерттеуші, экскурсия жүргізушісі, мұражай қызметкері болып сынап көре алады.

Материалдарды жинау, өткен және өзге оқиғаларға қатысу мақсатында ең кішкентай балалармен байқаулар мен ойындар, ересек балаларға Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесу, сұхбат өткізу тапсырылады.

16 наурызда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова мұражайдың «Зерде» залында № 5 Ақмол ауылы орта мектебінің 1-сынып оқушыларына «Мұражаймен бірге серуендейік» тақырыбындағы мұражай бағдарламасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында А. Хасенова мұражай залдарында ұсынылған қызықтыратын формадағы экспонаттардың тарихы туралы, мұражай келушілер үшін оның қандай рөл атқаратынын,  және мұражай туралы, оның құрылу тарихы жайлы айтып, сондай-ақ оқушылар мұражай бойынша экскурсия өткізу ережелерімен танысты. Ұйымдастырылған бағдарлама барысында оқушылар өздері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды. Материалды бекіту ретінде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (25 адам).

FaLang translation system by Faboba